Павлодар облысы бойынша №46 мекемеде кәсіпкерлердің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті

Павлодар облысы бойынша №46 мекемеде кәсіпкерлердің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті
Павлодар облысы бойынша №46 мекемеде кәсіпкерлердің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті
 
Іс-шараның басты мақсаты – жеке кәсіпкерлерді түзеу мекемесінің өндірістік үдерістеріне тарту және сотталғандарды жұмыспен қамту арқылы олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.
Бұл – кәсіпкерлер үшін қосымша өндіріс алаңдарын пайдалану, жаңа өнім түрлерін шығару және білікті жұмыс күшін тарту мүмкіндігі болса, сотталғандар үшін – еңбек дағдыларын меңгеріп, болашақта босанғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуға жол ашу.
 
2025 жылғы 23 маусымда өткен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырманы іске асыру аясында Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №46 мекемесінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
 
Шараға қатысқандар:
•Павлодар облысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Салханов Ермек Серікұлы;
•Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Мұнай өңдеуші жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хамитов Мирас Сержанұлы;
•«Еңбек-Павлодар» РГ ПХВ филиалы директорының орынбасары Макин Бейбіт Энгельсұлы;
•шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ ҚАЖД және мекеме қызметкерлері.
 
Қонақтарға мекеме кәсіпорнында және оның аумағында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінде өндірілетін өнімдердің кең ассортименті таныстырылды. Көрмеге қойылған бұйымдар қатарында – жиһаз, металл конструкциялар, тоқыма және шаруашылық тауарлары бар.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мен бизнес қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, жаңа инвестиция тартуға, заманауи жұмыс орындарын ашуға және сотталғандарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік береді.
 
«Кәсіпкерлерді түзеу мекемелеріндегі жобаларға тарту қосарлы нәтиже береді – бұл өндірісті дамыту мен жазасын өтеп жатқан адамдардың болашақта қоғамға бейімделуіне ықпал етеді», – деп атап өтті Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті өкілдері.