
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Кездесудің мақсаты – жазасын өтеушілер арасында ұлы ойшылдың рухани мұрасын насихаттап, оларды білімге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
Іс-шара барысында сотталғандарға Абайдың өмір жолы мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді. Жазасын өтеушілер ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісті. – Абайдың шығармаларын қайта оқу бізге үлкен ой салды. Әсіресе қара сөздерінен өмірлік сабақ алып, өз-өзімізді тәрбиелеудің маңызын түсіндік. Мұндай шаралар бізді жақсылыққа, адалдыққа ұмтылдырады. Алдағы уақытта қателіктерімізді түзеп, қоғамға пайдалы азамат болуға тырысамыз, – деді жазасын өтеушілердің бірі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени-танымдық кездесулер сотталғандардың рухани дүниесін байытып, оң көзқарас қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді. Абайдың адамгершілік, білім мен еңбек туралы тағылымы жазасын өтеушілер үшін де маңызды тәрбие құралы болып отыр.