Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Жаңақорған ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды кәсіпкерлікке баулу және олардың жеке кәсіп ашуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Іс-шара Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысы бойынша "Сұңқар" әлеуметтік-құқықтық орталығы" қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан "Өмірлік қиын жағдайда жүрген тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек ұйымдастыру" әлеуметтік жобасы аясында өткізілді. Экскурсия барысында қатысушылар Түркістан облысындағы ірі өндіріс орындарының бірі – "Turkistan Textile" ЖШС тігін фабрикасы мен "Grand Miks" ЖШС кеңсе жиһаздарын өндіру кәсіпорнының қызметімен танысты. Олар өндіріс үдерісін өз көздерімен көріп, кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі мен даму жолдары туралы жан-жақты мәлімет алды. Шара аясында қатысушылар мен кәсіпорын басшылары арасында еркін форматта пікір алмасу ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер өздерінің еңбек жолы, бизнесті бастау және дамыту тәжірибелері туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шараға Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығы мен мамандары, пробация қызметінің өкілдері, "Түркістан индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы" ЖШС қызметкерлері және кәсіпорын жетекшілері қатысты. Сонымен қатар экскурсияға қатысушылар Түркістан облысындағы бірқатар туристік нысандарды аралап, өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік алды. Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Искаковтың айтуынша, бүгінде пробация есебінде тұрған азаматтардың арасында кәсіпкерлікпен табысты айналысып жүргендер бар. – Қазіргі уақытта есептегі екі азам