Қызылорда қаласындағы ҚАЖ мекемелерінде мыңнан аса сотталған жазасын өтейді. Олардың арасында он саусағынан өнер тамған талантты сотталғандар да бар. Солардың бірі қылқалам шебері Самат. Ол жол- көлік оқиғасымен сотты болған қазіргі таңда ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде жазасын өтейді.
Қылқалам шебері 9 ақпан - қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мұзбалақ ақынның суретін қағаз бетіне түсірді.
- Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Сүлейменұлының суретін салдым. Ақынның қазақ поэзиясында алар орны ерекше. Ақын өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар. Биыл ақиық ақынның 95 жылдығына арнап суретін салдым. Мамандығым суретші болғандықтан маған ақын суретін салу аса бір қиындық тудырмады. Негізі сурет салу аса шыдамдылықты қажет етеді,- дейді сотталған азамат.
- - Бұндай іс-шаралардың сотталғандар үшін тәрбиелілік мәні бар. Бүгінгі шарада жазасын өтеушілердің бірі ақынның суретін салса енді бірі ақын өлеңін жатқа оқыды. Тәрбиелік мәні бар іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, - деді тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Саметов.