Қарағанды облысында электрондық браслеттердің көмегімен 76 бұзушылық анықталды.

Қарағанды облысында электрондық браслеттердің көмегімен 76 бұзушылық анықталды.

 2024 жылы Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 150 электрондық бақылау құралын алды. Бұл құрылғылар қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандарды бақылау практикасын кеңейтуге мүмкіндік берген пробациялық бақылаудағы адамдармен жұмыс істеуге арналған. Білезіктердің жалпы санының 120-сы Қарағанды облысына,    30-ы Ұлытау облысына таратылды.

- Электрондық бақылау құралдары бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау тиімділігін арттыру мақсатында белсенді қолданылады. Ағымдағы жылы Электрондық бақылау құралдарын пайдалану арқасында 40 сотталушыға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаның өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Мұндай шара сотталғандардың әлеуметтiк бейiмделуiне ықпал етiп қана қоймай, пробациялық қадағалаудағы басқа адамдарға олардың заңды мiнез-құлқын қалыптастыра отырып, тәртiптiк ықпал етедi.
Электрондық білезіктерді қолдану да жазаларды өтеу тәртібі мен шарттарының сақталуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді. 2024 жылы осы технологиялардың көмегімен белгіленген тәртіптің 100 бұзылуы анықталды, ал 2025 жылдың басынан бері осындай 76 жағдай тіркелді. Бұл электрондық құралдарды алдын ала бақылау және бұзушылықтарға уақтылы ден қою құралы ретінде пайдаланудың жоғары тиімділігін куәландырады.