2025 жылғы 23 сәуірде Қарағанды қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелері мен «Еңбек-Қарағанды» РМК филиалдарының өндірістік өнімдерінің кең көлемді көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орайластырылды. Көрменің негізгі мақсаты – сотталғандардың кәсіби дағдыларын көрсету, бизнес-қауымдастықпен ынтымақтастық орнату және өндірілген тауарларға сұранысты арттыру болды. Көрмеде 40-тан астам өнім түрі ұсынылды.