Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ мекемелеріне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің сапары

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ мекемелеріне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің сапары

2025 жылғы наурыз айының соңы мен сәуір айының басында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ның №29 және №31 мекемелеріне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері мониторингтік сапармен келді.

28 наурызда №31 мекемесіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша аға өкілі Лошкарёва Л. келіп, мекеме басшылығымен және қызметкерлерімен кездесіп, сотталғандарды жеке қабылдады. Кездесу барысында ұстау жағдайлары мен қайта әлеуметтендіру шаралары талқыланды.

4 сәуірде №29 мекемесіне Уәкіл Артур Ластаев бастаған делегация келіп, сотталғандардың медициналық қызмет алу, тамақтану, еңбек ету және білім алу құқықтарының жүзеге асырылуымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша оң баға беріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды. Мекеме басшылығы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.