Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында №31 мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері донорлық қан тапсыру акциясына белсене қатысты. Қан тапсырған 10 отряд бастығы қоғамға көмектесуге әрдайым дайын екендіктерін көрсетті.
Денсаулық сақтау жүйесін қолдауға бағытталған бұл қайырымдылық шарасы адам өмірін сақтап қалуға үлес қосқысы келген жанашыр қызметкерлерді біріктірді. Олар жыл сайын осындай акцияларға тұрақты түрде қатысады.
Алайда бұл күн тек донорлықпен ғана емес, тағы бір оқиғамен есте қалды. Қан тапсыру орталығының маңында жүрген әйелдің жағдайы кенеттен нашарлап кетті. Абырой болғанда, сол сәтте оның жанында медицина білімі бар, отряд бастығы, әділет капитаны Анна Ярославқызы Либас болды. Ол жағдайды жедел бағалап, алғашқы көмек көрсетті. Осылайша, дәрігерлер келгенге дейін әйелдің жағдайының нашарлауына жол бермеді.
«Осындай сәттерде тек қан тапсыру емес, сонымен қатар төтенше жағдайларда дұрыс әрі жылдам әрекет ету маңызды екенін.