«Шапағат» балалар үйі

«Шапағат» балалар үйі

2023 жылдың 13 желтоқсанында мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Асылхан Бакенович Маканов «Шапағат» балалар үйіне барды. Балалар үйіндегі балалар назар мен қамқорлықты өте қажет етеді, алайда дәл сол күні олар үшін мереке болды. ҚР ІІМ ҚАЖК «№32 мекеме» РММ-нің қамқорлық танытқысы келген сотталған - әйелдердің жиып берген барлық сыйлықтары қуанышпен қабылданды. Сондай-ақ, мекемеде ұсталатын сотталғанның 10 ай бойы көріспеген баласы аталған балалар үйінде болғандықтан анасы мен баласы үшін бейне-қоңырау ұйымдастырылды. ҚР ІІМ ҚАЖК «№32 мекеме» РММ-нің қызметкерлері балалардың күліп, шаттанып өмір сүрулерін мақсат тұтады.
«Сыйлықтарға қуанып, көңілдене түскен балақайларды көру өте жағымды әсер берді. Балалардың көздерінен шынайылық пен ашықтықты көру бәрімізді мейірімді және дана етеді» - деп қосты А. Б. Маканов