Қарағанды колониясында сотталғанның әйелі гаджеттердің жиынтығын сотталған жақынына откізуге тырысты

Қарағанды колониясында сотталғанның әйелі гаджеттердің жиынтығын сотталған жақынына  откізуге  тырысты

 

Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД «№ 29 мекемесінде» жазасын өтеп жатқан сотталғанның жұбайы азық-түлік сөмкесінде гаджеттермен толтырылған байламды өткізіп, беріп жіберуге тырысты.

Мекеменің тінту тобының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін адал орындауының арқасында сотталушыға тыйым салынған заттарды, атап айтқанда: 10 смартфон, 2 планшет, 4 түймелі телефон, 3 sim - карта, сыйымдылығы 4 гб 1 шағын флэш - карта беру әрекетінің алдын алды.

Тәркіленген тыйым салынған заттар Қарағанды облысы ПД Абай ауданы ПБ жедел тергеу тобына берілді.

"Тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша сотталғандармен және олардың туыстарымен жүргізіліп жатқан профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматша бұл бұзушылыққа саналы түрде барды және ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", - деп мекеме әділет полковнигі Игорь Бендерский атап өтті.