«Еңбек» РМК

«Еңбек» РМК

«Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «Еңбек» РМК)  және оның филиалдары тапсырыстарды орындау бойынша қажетті база мен жұмыс тәжірибесіне ие. Өнім өндіру қызметінің негізгі бағыттары: бұйымдар тігу, жиһаз шығару, металконструкциясы, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа көптеген өнім өндіру орындары болып табылады.                    

«Еңбек» РМК негізгі мақсаты түзеу мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік инфрақұрылымын қолдау мақсатында мемлекет преференциялар жасады, олардың бірі өнім берушіні таңдауды және онымен           Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның нормаларын қолданбай Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру болып табылады.

Осы Заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысымен өздері өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері сатып алынатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі, сондай-ақ оларды өндіретін, орындайтын, көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 ақпандағы №933 қаулысына сәйкес өзгерістермен) бекітілді.

«Еңбек» РМК «Еңбек-Қарағанды» филиалы

Мекен-жай: Қарағанды қ., Поспелов к., 17 үй.

Тел.: 8/7212/30-00-24,30-02-12