
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №29 мекемесінде мекеме қызметкерлері режимдік аумаққа тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасау фактісін анықтады.
Мекеме жанында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының аумағына автокөлік кірген кезде бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлері көлікті тексеру барысында автокөліктің артқы дөңгелегіне жасырылған екі ұялы телефонды анықтап, тәркіледі.
Аталған факті бойынша одан әрі процестік іс-шараларды жүргізу үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлері белгіленген режимді қамтамасыз ету және түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі