Бір жылдық сағыныштан кейін: Камерун азаматы отбасымен алғаш рет байланысқа шықты

Бір жылдық сағыныштан кейін: Камерун азаматы отбасымен алғаш рет байланысқа шықты

 

Бір жылдан астам уақыт бойы туған-туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге мүмкіндігі болмаған. 2025 жылы сотталғаннан кейін Қылмыстық-атқару жүйесінің №31 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Камерун Республикасының азаматы отбасымен байланысын үзген еді.

Ол Қазақстанға шетелден келген. Алайда өмірлік жағдайы өзгеріп, сотталғаннан кейін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне орналастырылған. Содан бері жақындарымен байланысуға мүмкіндігі болмаған.

Мекеменің тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлерінің ықпалымен оның отбасымен бейнебайланыс арқылы кездесуін ұйымдастыру мүмкін болды. Бейнеқоңыраудың ар жағында жұбайы мен үш жасар ұлы отырды.

Бұл кездесу отбасы үшін көптен күткен жүздесу болды. Араға уақыт салып баласы өсіп, отбасының өмірінде көптеген өзгерістер болған. Алайда осы сәттерді жақын адамымен бөлісуге мүмкіндік болмаған еді. Енді ерлі-зайыптылар бір-бірін көріп, сөйлесіп, отбасының соңғы жаңалықтарымен бөлісе алды.

Мекеме қызметкерлері бейнебайланысты ұйымдастыруға қажетті көмек көрсетті. Осылайша арада үзілген байланыс қайта қалпына келіп, сотталған азаматқа қашықтыққа және қалыптасқан жағдайларға қарамастан, жақындарымен қайта араласуға мүмкіндік берілді.

Отбасылық қарым-қатынасты сақтау — тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Жақындарымен байланысты үзбеу сотталғандарға әлеуметтік байланыстарын сақтауға, отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінуге және жазасын өтегеннен кейін қалыпты өмірге оралуға деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, сотталған азамат мекеменің спорттық өміріне белсенді қатысады. Ол футболмен айналысады, басқа сотталғандармен бірге ойнап, өзінің спорттық дағдылары мен тәжірибесімен бөліседі.

Бұл кездесу тәрбие жұмысының тек іс-шаралар өткізумен және белгіленген тәртіпті сақтаумен шектелмейтінін көрсетеді. Кейде оның нәтижесі — адамның ұзақ уақыттан кейін отбасын көріп, өзін қайтадан отбасының бір мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасау.

ҚР ҚАЖ Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі