
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесі ҚАЖ зейнеткер әйелдерін мерекемен құттықтады.
Іс-шара барысында ардақты ардагерлерге ізгі тілектер айтылып, олардың елге және қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірілді.
Зейнеткер әйелдер саналы ғұмырын Отанға қызмет етуге арнап, қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Олар бірнеше буын жас мамандарды тәрбиелеп, өздерінің кәсібилігімен, жауапкершілігімен және өмірлік тәжірибесімен үлгі бола білді.
Бүгінде де ардагерлер қоғамдық өмірге белсене араласып, жас қызметкерлерге ақыл-кеңес беріп, ардагерлер қозғалысының жұмысына атсалысып келеді.
Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және қызметтік дәстүрлерді сақтау мен дәріптеуге бағытталған игі дәстүрге айналған.