«Жылы жүректен – балаларға: №35 мекемесінің сотталғандары «Қуаныш» ясли-балабақшасының тәрбиеленушілеріне сүйіспеншілікпен жасалған бұйымдар тарту етті»

«Жылы жүректен – балаларға: №35 мекемесінің сотталғандары «Қуаныш» ясли-балабақшасының тәрбиеленушілеріне сүйіспеншілікпен жасалған бұйымдар тарту етті»

Тәрбиелік және әлеуметтік бағыттағы бастама аясында №35 мекемесінің сотталғандары «Қуаныш» ясли-балабақшасының тәрбиеленушілеріне көмек көрсетіп, өз қолдарымен музыкалық аспаптар, оқу үстелдері, сондай-ақ балалардың демалуына арналған жайлы диван дайындап берді.

Барлық бұйымдар ерекше ұқыптылықпен және жауапкершілікпен жасалды. Жұмыс барысында сотталғандар сапалы әрі қауіпсіз өнімдер әзірлеуге мән беріп, балаларға қуаныш сыйлауға деген шынайы ниеттері мен қамқорлықтарын көрсетті.

Аталған бастама қоғамға пайдалы еңбек пен ізгілікке ұмтылудың әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудағы маңызын айқын көрсетті. Мұндай жобалар нақты пайда әкелумен қатар, сотталғандарды тәрбиелеу және қайта әлеуметтендіру үдерісінде маңызды рөл атқарып, адамгершілік құндылықтарға апарар жолдың игі істерден басталатынын еске салады.