
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында №31 мекеме қызметкерлері Долинка кенті әкімдігіне мерекелік сый жасап, мекемеде жазасын өтеушілердің қолымен дайындалған жаңа жылдық кейіпкерлердің сәндік мүсіндерін тарту етті.
Жарқын әрі әсем композициялар кенттің көркін айшықтап, тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жаңа жылдық мүсіндер көпшілік тамашалай алатын аумаққа орнатылып, елді мекенге ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Аталған бастама көршілік қарым-қатынастың нығаюына, өзара ынтымақтастықтың артуына және мекеменің әлеуметтік бағыттағы қызметін айқын көрсетуге ықпал етті. Сонымен қатар бұл іс-шара жазасын өтеушілерді шығармашылық пен қоғамдық пайдалы еңбекке тартудың жарқын үлгісі болды.
Долинка кенті әкімдігі тарапынан №31 мекеме қызметкерлеріне бастамашылдығы, шығармашылық көзқарасы және Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл күй қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді.