Қазақстан тарихында алғаш рет жаңа кәсіби мереке — Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні аталып өтілуде.

Қазақстан тарихында алғаш рет жаңа кәсіби мереке — Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні аталып өтілуде.


Осы маңызды күнге орай бүгін Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік жиынға қызметкерлер, ардагерлер және өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ДУИС бастығы, әділет полковнигі Шакиров Б.Е. жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметке адалдығы, жоғары кәсібилігі және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Салтанатты жағдайда пенитенциарлық жүйе қызметкерлеріне кезекті арнайы шендер, ведомстволық наградалар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, ҚАЖ Комитетінің, ДУИС-тің, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің және басқа да серіктес мемлекеттік органдардың грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері мен зейнеткерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Олардың көпшілігі өмірінің ең бір жарқын жылдарын осы салаға арнаған. Алғыс белгісі ретінде оларға ведомстволық наградалар мен естелік грамоталар тапсырылды.

Іс-шара бағдарламасындағы маңызды сәттердің бірі — 2011 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан, «Айбын» орденімен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталған АК-159/21 мекемесінің қызметкері Қашымбеков Ж.К. туралы деректі фильмнің көрсетілімі болды. Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан барлық ҚАЖ қызметкерлерінің рухына қатысушылар бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Өткізілген іс-шара қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігін айқындап, қоғам қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегіне берілген жоғары бағаның айғағы болды.