
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қарағанды және Ұлытау облыстары аумағында орналасқан орта қауіпсіздік деңгейіндегі №34 және №35 мекемелеріне мониторингтік сапар жасады. Сапардың мақсаты – сотталғандардың құқықтарының сақталуын және олардың ұсталуының жағдайларын бағалау.
Сапар барысында Омбудсмен сотталғандарға арналған тамақтандыру мен медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуымен, отрядтардағы тұрмыстық жағдайлармен, сондай-ақ өтініштер беруге арналған электронды терминалдардың және еңбекпен қамту жүйесінің жұмысымен танысты. Әкімшіліктің айтуынша, қосымша жұмыс орындарын ашу үшін жұмыс берушілерді тарту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Артур Ластаев сотталғандарды жеке қабылдау өткізді. Өтініштердің басым бөлігі шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселелеріне, кездесулерді ұйымдастыру тәртібіне және заңнаманың жекелеген нормаларын түсіндіруге қатысты болды. Барлық жүгінушілерге қажетті түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.
Омбудсмен мен оның кеңсесі қызметкерлерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тұрақты түрде ұйымдастыратын мониторингтік сапарлары ашықтықты арттыруға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған.