Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №61 мекемесінде жаңа тергеу кабинеттері ашылды!

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №61 мекемесінде жаңа тергеу кабинеттері ашылды!

2025 жылдың 11 қазанында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №61 мекемесінде адвокаттар мен қоғамдық қорғаушыларға арналған, сондай-ақ туыстармен қысқа мерзімді кездесу өткізуге және тергеу іс-шараларын жүргізуге арналған жаңа кабинеттердің ашылуы өтті.

Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, прокуратура, полиция және адвокатура өкілдері қатысты.

Жаңа кабинеттердің ашылуы – арнайы контингентті мекеме аумағынан тыс жерге шығаруды азайтуға және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

🔹 Күтетін залда теледидар орнатылып, жеке заттар мен ұялы телефондарға арналған шкафтар қарастырылған.
🔹 Туыстармен кездесу кабинеттері физикалық байланысты болдырмайтын телефондармен жабдықталған және халықаралық стандарттарға сай.

Бұл жағдайлар барлық келушілерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.