ҚАЖ қызметкерлері Ұстаздар кәсіби мерекесіне орай ұстаздар қауымына ыстық ықыластарын білдірді.

ҚАЖ қызметкерлері Ұстаздар кәсіби мерекесіне орай ұстаздар қауымына ыстық ықыластарын білдірді.

Кәсіби мереке — Ұстаздар күніне орай Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №31 мекемесінің қызметкерлері Шахтинск қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп-лицейіне барып, ұстаздар қауымына ыстық ықыластарын білдірді.

Жылы да достық атмосферада өткен кездесуде ҚАЖ қызметкерлері ұстаздарға ерен еңбектері, жоғары кәсібилігі және жас ұрпақты тәрбиелеудегі өлшеусіз үлестері үшін шынайы алғыстарын айтты.
Сонымен қатар педагогтардың өз ісіне деген адалдығы мен елдің ертеңі — саналы, отансүйгіш азаматтарды қалыптастырудағы еңбектерінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.