Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандар арасында күштік спорт түрлерінен чемпионат өтті.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандар арасында күштік спорт түрлерінен чемпионат өтті.
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №31 мекемесі базасында сотталғандар арасында күштік спорт түрлерінен чемпионат өтті.
 
Жарысқа Қарағанды облысы пенитенциарлық жүйесі мекемелеріндегі заңдылықтың сақталуына қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура прокуроры сондай-ақ, Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің басшысының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Бенденский Игорь Сергеевич қолдау көрсетті. Шараның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, тәртіпті нығайту, ерік-жігер мен спорттық дағдыларды дамыту.
 
Қатысушылар турникке тартылу, гір спорты, армрестлинг және арқан тарту бойынша күштерін сынады. Жарыстың қорытындысы жеке және командалық есепте шығарылды.
 
Чемпионат нәтижесі бойынша:
•1 орын — №31 мекеме командасы,
•2 орын — №35 мекеме,
•3 орын — №36 мекеме.
 
Қазылар алқасының құрамына енгендер:
•Шахтинск қаласы мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Барс» мемлекеттік кәсіпорнының жетекшісі — Жунусов Анарбек Ахметович,
•стритлифтингтен 3 дүркін әлем чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы, 2 дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері — Именченков Дмитрий Серикович,
•халықаралық дәрежедегі спорт шебері, гір спорты бойынша — Брель Юрий Степанович,
•пауэрлифтингтен спорт шебері — Кригер Вильгельм Александрович,
•армрестлингтен спорт шебері — Ликаренко Данил Федорович,
•ауыр атлетикадан спорт шеберлігіне кандидат — Мега Николай Николаевич.
 
Ерекше нәтижелерге қол жеткізгендер:
•гір көтеруден рекорд орнатқан №35 мекеме сотталғаны, ол 24 кг салмақтағы гірді 101 рет көтеріп, 1-орынды иеленді,
•80 кг дейінгі салмақта армрестлингтен 1-орынды иеленген №31 мекеме сотталғаны.
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
 
Бұл спорттық іс-шаралар сотталғандардың дене белсенділігін қолдауға, командалық рухты дамытуға және олардың әлеуметтік бейімделуіне оң ықпал етеді.