Конституцияның мерейтойын Қарағанды облысы колониясының қызметкерлері велошерумен атап өтті

Конституцияның мерейтойын Қарағанды облысы колониясының қызметкерлері велошерумен атап өтті

Қарағанды облысы және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД №36 мекемесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын ерекше түрде — велошерумен атап өтті.

🚴‍♂️ Шараның маршруты да символдық сипатқа ие болды: 30 шақырымдық қашықтық еліміздің Негізгі заңы қабылданғаннан бергі 30 жылға арналды.

Іс-шара барысында қатысушылар Конституцияның — мемлекеттік тұрақтылықтың мызғымас іргетасы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін атап өтті. Велошеру қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің патриотизмді нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі ретінде ұйымдастырылды.

Мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Арман Ермекбаевич Кошкинов атап өткендей:
«Велошеру тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар ұжымды біріктірудің, командалық рухты арттырудың және белсенді демалысты насихаттаудың тиімді алаңына айналды».

Осындай іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі органдарының корпоративтік құндылықтарын нығайтуға, қызметкерлердің дене белсенділігін сақтауға және қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.