ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
31 июля 2026
Қарағанды облысында ең сұлу сотталған әйел анықталды

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №32 мекемесінде ең жарқын, талантты әрі шығармашыл сотталған әйелдердің басын қосқан «Мисс Очарование – 2026» сұлулық байқауы өтті. Бұл күн қатысушылар үшін жай ғана сайыс емес, күнделікті өмірдің күйбеңінен бір сәтке алыстап, өздерін сенімді, сұлу әрі шабыттанған жан ретінде сезінуге мүмкіндік берген ерекше мереке болды.

Байқаудың бас жүлдесі үшін алты қатысушы бақ сынады. Олардың әрқайсысы бұл шараға алдын ала тыңғылықты дайындалып, өз образын ойластырып, сахнаға шығу мен шығармашылық өнерлерін бірнеше рет пысықтады. Байқау қатысушыларға өздерінің даралығын танытып, ішкі әлеуетін ашуға және сұлулықтың ең алдымен адамның өзіне деген сенімінен басталатынын көрсетуге мүмкіндік берді.

Қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Дефиле барысында олар өздерінің сымбатын, талғамын және сахна мәдениетін көрсетті. Ұлттық киімдер байқауында халқымыздың бай дәстүрі мен мәдени мұрасын бейнелейтін ерекше образдарын ұсынды. Бағдарламаның қорытындысында көрермендер мен қазылар алқасына әсерлі хореографиялық қойылымдар ұсынылып, қатысушылардың әртістік қабілеті, икемділігі мен шығармашылық әлеуеті жоғары деңгейде бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды түрлі аталымдар бойынша анықтады. «Мисс Очарование – 2026» бас жүлдесін және Қарағанды облысындағы ең сұлу сотталған әйел атағын барлық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен 29 жастағы қатысушы жеңіп алды. Сонымен қатар «Мисс Подиум», «Мисс Обаяние», «Мисс Грациозность», «Мисс Экстравагантность» және «Мисс Харизматичность» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

– Мұндай іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Олар сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімділігін арттыруға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және жағымды қарым-қатынас жасауына ықпал етеді, – деді мекеме бастығы Нұралы Жамитович.

Бұл күні әсем көйлектердің, шынайы күлкілер мен көрерменнің қошеметінің астарында жай ғана сұлулық байқауы емес, әлдеқайда терең мән жатты. Көптеген қатысушылар үшін бұл өз-өзін қайта құрметтеуге, өз мүмкіндігіне сенуге және өміріндегі оң өзгерістерге қарай тағы бір қадам жасауға берілген мүмкіндік болды. Осындай шаралар қандай жағдайда болмасын адамның дамуға, шығармашылыққа және адамдық қадір-қасиетке деген ұмтылысы ешқашан өз маңызын жоғалтпайтынын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

22 июля 2026
Қарағанды облысындағы колонияда әлемдік футбол жұлдызы Эрлинг Холанның портреті салынды

№29 мекемесінде сотталғандардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның жарқын мысалдарының бірі – қазіргі заманның ең танымал футболшыларының бірі, норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанға арналған картина.

Туынды авторының айтуынша, ол 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты кезінде өзінің сүйікті спортшысының өнерін ерекше қызығушылықпен тамашалаған. Холанның ойыны, жанкештілігі, мақсаткерлігі мен жеңіске деген ұмтылысы оған шабыт берген. Осы себепті сотталған спортшыға деген құрметін өнер арқылы білдіріп, оның портретін салуға шешім қабылдаған.

Автордың сөзінше, картинаны салу көп уақытты, шыдамдылықты және әрбір бөлшекке мұқият назар аударуды талап еткен. Бұл шығармашылық үдеріс оған өнерге ден қойып, күнделікті тіршіліктен бір сәтке алыстап, өзінің қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік берген.

№29 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, подполковник Жансейіт Әбілқасымовтың айтуынша, сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – тәрбиелік жұмыстың маңызды бағыттарының бірі.

«Біз сотталғандардың шығармашылықпен айналысуға деген ынтасын қолдаймыз. Себебі мұндай жұмыстар олардың әлеуетін ашуға, табандылық пен тәртіпті қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, өмірлік оң құндылықтарды орнықтырып, қоғамға сәтті бейімделуіне мүмкіндік береді», – деді №29 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, подполковник Жансейіт Әбілқасымов.

Мекемеде өнермен, спортпен және өзге де пайдалы шығармашылық қызмет түрлерімен айналысуға тұрақты түрде жағдай жасалып келеді. Мұндай бастамалар сотталғандардың өз таланттарын дамытуына, алдына мақсат қойып, оған қол жеткізуге үйренуіне және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Эрлинг Холанның портреті жай ғана көркем туынды емес, ол шабытты әйгілі спортшылардың жетістіктерінен табуға болатынын және шығармашылықтың тұлғалық дамуға әрі өмірлік құндылықтарды қайта пайымдауға бастайтын маңызды қадам екенін көрсететін символға айналды.

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

22 июля 2026
Қарағанды облысындағы әйелдер колониясында амнистия туралы заңды іске асыру басталды: алғашқы сотталғандар босатылуда

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №32 мекемеде 2025 жылғы 1 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының «Амнистия туралы» Заңын іске асыру басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде 500-ге жуық сотталған әйел жазасын өтеп жатыр. Амнистия туралы Заңды іске асыру аясында шамамен 100 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылады, ал шамамен 40 әйел мерзімінен бұрын босатылып, отбасына оралып, өмірінің жаңа кезеңін бастау мүмкіндігіне ие болады.

ҚАЖ департаментінің мәліметінше, алғашқы сот шешімдері заңды күшіне енді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 16 шілдеде Қарағанды облысының Абай аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотталған 38 жастағы әйелге қатысты материалдарды қарады. Қазақстан Республикасының «Амнистия туралы» Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот оны негізгі жазасының өтелмеген бөлігін өтеуден босату туралы шешім қабылдады.

 

Амнистия туралы Заңды іске асыру қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуде. Әрбір іс жасалған қылмыстың санаты, тағайындалған жаза мерзімі және заңда көзделген өзге де талаптар ескеріле отырып, жеке тәртіппен қаралады.

 

Қазіргі уақытта мекемеде амнистия қолдануға жататын өзге де сотталғандарға қатысты материалдарды дайындау және оларды сот органдарына жолдау жұмыстары жалғасуда. Бұл ондаған әйелге туған-туыстарымен қайта қауышып, әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге және жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді.

28 мая 2026
«№32 мекемесінде» мектеп түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы өтті.

Мерекелік жиын барысында түлектерге жылы лебіздер айтылып, алдағы өмір жолына сәттілік пен ақжарма тілектер жолданды. Іс-шара барысында білім алушылардың жетістіктері аталып өтіп, олардың болашаққа сеніммен қадам басуына тілектестік білдірілді.

«Соңғы қоңырау» – әрбір түлек үшін ерекше маңызға ие мереке. Бұл күн – балалық шақпен қоштасып, жаңа өмір кезеңіне аяқ басудың символы.

Мекеме әкімшілігі түлектерге жарқын болашақ, мықты денсаулық және жаңа белестерді бағындыруға табыс тіледі.

20 мая 2026
Бір күнде бірнеше музей: сотталғандарға арналған VR-экскурсия

Халықаралық музейлер күніне орай Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ның «№33 мекемесінде» сотталғандарға ерекше мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. VR-көзілдіріктердің көмегімен қатысушылар әлемнің әйгілі музейлеріне виртуалды саяхат жасап, тарихи жәдігерлермен және өнер жауһарларымен мекеме қабырғасынан шықпай-ақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Сотталғандар ірі музейлердің атмосферасына «еніп», атақты картиналарды, мүсіндерді және тарихи артефактілерді толықтай шынайы форматта тамашалады.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың дүниетанымын кеңейтуге, рухани дамуына және әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді. Қатысушылардың көпшілігі виртуалды экскурсиялар өздеріне жаңа әсер сыйлап, әлемдік мәдениетпен жақынырақ танысуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Мекемеде өткізілетін мәдени-ағартушылық іс-шаралар тұлғаны дамытуға, оң құндылықтарды қалыптастыруға және сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

24 апреля 2026
Қазақстандағы түзеу мекемесінде жазасын өтеуші 5000-нан астам кітап оқыған.

Уақыт бір орнында тұрғандай көрінетін ортада ол өзін дамытуға басымдық берген. Түзеу мекемесіне түскеннен кейін тұйықталмай, керісінше жеке дамуға бет бұрған. Бүгінде ол тәртіпке бағынышты, жауапкершілігі жоғары азамат ретінде сипатталады.

Шайза өз-өзін білім арқылы үздксіз жетілдіріп отырған. Жазасын өтеген уақытында ол 5 мыңнан астам кітап оқып, жан-жақты дүниетаным қалыптастырған. Оның қызығушылығы ғылыми-танымдық әдебиетке, философияға және рухани мұраға бағытталған. Соның ішінде Қара сөздер еңбегіне ерекше мән береді.

— Кітап – мен үшін үздіксіз дамуға деген мүмкіндік. Олар өмірімді қайта ой елегінен өткізуге көмектеседі, ішкі тәртіпті нығайтады және қандай адам болғым келетінін түсінуге жол ашады, — дейді Шайза Құрманқажы.

Ол жиі қайта оралатын авторлар қатарында Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев, Ілияс Есенберлин, Ілияс Жансүгіров, Жүсіпбек Аймауытов және Сәбит Мұқанов бар. Ол әсіресе өзін-өзі дамытуға, психологияға және классикалық әдебиетке қатысты еңбектерді оқуға басымдық береді.

Қытай азаматы болғанына қарамастан, Шайза қазақ мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтынын және өзін осы ортаға жақын сезінетінін айтады.

Сотталғанға дейін ол кәсіпкерлікпен айналысқан. Оның айтуынша, бұл тәжірибе бастамашылдық пен дербестікке ұмтылыс сияқты қасиеттерді қалыптастырған. Аталған қабілеттерін ол қазір де дамытуды жалғастырып келеді. Кейбіреулер өзін-өзі жоғалтып алатын болса, ол білім мен өзін-өзі дамыту арқылы өз жолын таба білген.

 

16 апреля 2026
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде автопарк жаңартылды


Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде автопаркті жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта лизинг тетігі арқылы 51 жаңа жеңіл автокөлік сатып алынып, департаментке қарасты мекемелер мен пробация қызметтеріне табысталды.

Аталған шара қылмыстық-атқару жүйесі органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа автокөліктер қызметкерлердің ұтқырлығын арттырып, қызметтік міндеттерді жедел әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, автопарктің жаңартылуы өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі органдарының заманауи талаптарға сай дамып келе жатқанын көрсетеді. 

Айта кету қажет, мұндай бастамалар қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсартумен қатар, қызмет сапасының артуына да оң әсерін тигізеді.

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

10 апреля 2026
Қарағанды облысында сотталғандарды өндірістік кәсіпорындарда жұмыспен қамту бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және «Qarmet» акционерлік қоғамымен бірлесіп, сотталғандарды жұмысқа орналастыруға бағытталған пилоттық жобаны жүзеге асыруда. Жоба аясында сотталғандар жұмыс беруші аумағында тұрып, еңбек ету мүмкіндігіне ие.

Жұмыс беруші тарапынан сотталғандарға барлық қажетті жағдайлар жасалған: жайлы жатақханаларда тұру, күніне үш мезгіл тамақтану, арнайы киім және тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз ету. Ал құқықтық тәртіптің сақталуы мен қауіпсіздік шараларын өндірістік нысанда тікелей минималды қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Жобаға қоғамдық қауіптілігі төмен және мінездемесі оң сотталғандар тартылған. Бүгінгі таңда «Qarmet» АҚ өндірістік нысандарында 29 сотталған жұмыспен қамтылды. Бұл бір жағынан кәсіпорынның жұмысшы мамандықтарға деген сұранысын өтеуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан сотталғандардың еңбек дағдыларын қалыптастырып, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.

Пилоттық кезең 3 айға жоспарланған. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, бұл тәжірибені өңірдегі басқа да кәсіпорындарға кеңейту көзделуде.

09 апреля 2026
Жұмыс сапары: №30 мекемесінде сотталғандарға көрсетілетін медициналық көмек бағаланды

№30 мекемесіне жұмыс сапарымен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары О.К. Таурбеков, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай-ақ Шахтинск қаласы ауруханасының басшылығы келді.

Сапардың мақсаты – сотталғандарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырумен, мекеменің медициналық бөлімінің қызметімен, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасымен танысу болды.

Сапар барысында делегация мекеменің медициналық бөлімін, процедуралық кабинеттерді аралап, амбулаториялық және стационарлық медициналық көмек көрсету тәртібімен танысты. Ауруларды уақтылы анықтау, дәрілік қамтамасыз ету, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапар қорытындысы бойынша медициналық қызмет сапасын арттыруға, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін күшейтуге және сотталғандардың денсаулық жағдайын бақылауды жақсартуға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.

08 апреля 2026
Қарағандыдағы тергеу изоляторында бейнекамераны бүлдіргені үшін қосымша жаза тағайындалды

Соттың анықтауынша, 2024 жылғы 13 қыркүйекте ол тергеу изоляторындағы камерада бола отырып, мекеме қызметкерлерінің заңды талаптарын елемей, бейнебақылау камерасын қасақана бүлдірген. Салдарынан 90 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 20 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде белгіленді.

Сонымен қатар сотталған азаматтан мекеме пайдасына 90 мың теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты