14 тамыз 2024 жылы Атырау облысы ҚАЖ департаментіне қарасты Махамбет аудандық пробация қызметі және аудандық Мансап орталығы филиалының ұйымдастыруымен аудандық жастар ресурсы орталығының ғимаратында бос орындары жәрмеңкесіне пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар арасында жұмыссыздықты жою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамти отырып, қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында өткізілген іс-шара. Жәрмеңкеге “ Делхом - Жолдас” т.б. мекемелер қатысты. Жәрмеңке барысында сотталған азаматтарға лауазымдар ұсынылып, әрі қарай жұмыс барысы түсіндірілген болатын.