Ағымдағы жылдың ақпан айының 11 жылдызында «Жусан» операциясы шеңберінде қарулы қақтығыс аймағынан елге қайтарылып, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті УГ-157/11 мекемесінде «терроризм және экстремизм» бабы бойынша жазасын өтеуші сотталған азаматша В.А.Белова жаза мерзімінің аяқталуы бойынша бостандыққа шықты. Сотталған азаматшаны ата-анасы және «Шапағат деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының өкілдері гүл шоқтарымен күтіп алды.