Зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі

Зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті УГ-157/9 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары әділет майоры Султанов Руслан Даулетқалиұлын мекеме ұжымы салтанатты рәсіммен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Шараны УГ-157/9 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Думан Нурбулатович Таженов құттықтау сөзімен ашып, қылмыстық –атқару жүйесінің беделінің биік болуына үлесін қосып, уақытпен санаспай еңбек етіп, адал жолмен бүгінгідей салтанатты күнге жеткені біз үшін де қуаныш- деп алғысын білдірді. Қым-қуыт, қауырт қызметті қиынсынбай, абыроймен осыншама жыл атқарған зейнеткерге мықты денсаулық, отбасылық береке тіледі.
Әділет майоры Р.Д. Султанов Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында 2005 жылдан бастап қызмет атқарып, өзінің біліктілігі мен кәсібилігін таныта білген жан. Қызмет атқару барысында ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен, ҚАЖ Комитетінің және Департамент бастығының түрлі алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталып, еңбегі еленген.
Шара соңында мекеме басшылығы мен әріптестері ардагердi зейнеткерлік жасымен құттықтап, Қылмыстық- атқару жүйесіне арнаған адал еңбегіне алғыс білдіріп, ілтипатты сөздер айтып, естелік сыйлық табыс етті.
Өз кезегінде әділет майоры Р.Д.Султановта әріптестері мен ізін өкшелеп келе жатқан жас буындарға көңілінен шыққан жүрекжарды тілегiн айтып, мекеме ұжымына алғысын білдірді.