№15 мекемесінің қызметкерлері арасында профилактикалық жиын өтті.

№15 мекемесінің қызметкерлері арасында профилактикалық жиын өтті.

🔹Кездесу барысында қатысушылар қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, радикалды діни ағымдардың алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🔹Жиынға Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы А. Абсиметов, «Жәрдем-Атырау» қоғамдық қорының теолог маманы, Атырау ҚПБ ППБ-нің қызмет инспекторы, полиция капитаны Қ. Әбдеш және Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет подполковнигі А. Даужанов қатысты.

🔹Іс-шараның мақсаты – қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, діни экстремизм мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

🔹Жиын соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, заң талаптарын қатаң сақтау мен қызметтік міндеттерді адал атқарудың маңыздылығы атап өтілді.