
Оқу-жаттығу барысында шартты өрт кезінде жеке құрамның іс-қимылдары, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау, қызметтердің өзара үйлесімді әрекеті және өрт сөндірудің бастапқы құралдарын пайдалану тәртібі пысықталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — төтенше жағдайлар кезіндегі жедел әрекет ету даярлығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру.