
Іссапар барысында өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметімен танысып, олардың материалдық-техникалық базасының жай-күйін тексерді. Сонымен қатар, сотталғандарды ұстау жағдайы, заңдылықтың сақталуы және тәрбиелік-профилактикалық жұмыстардың жүргізілу барысына ерекше назар аударды.
Сапар аясында мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Қызметтің тиімділігін арттыру, тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау бағытында нақты тапсырмалар берілді.