
ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің №15 республикалық мемлекеттік мекемесінде мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Е.Е. Бисенгалиевтің төрағалығымен «Қақпа алдында кездесу жобасының» 1,2-тармақтарын жүзеге асыру мақсатында жиын өткізілді.
Іс-шараға Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Атырау қалалық «Еңбек және мансап мобильдік» орталығының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және №4 қалалық емхананың басшысының орынбасары қатысты.
Жиын барысында босатылуына бір жыл және одан аз уақыт қалған сотталған азаматтарды бостандыққа дайындау мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, тегін медициналық көмек алу, жұмысқа орналасу, біржолғы әлеуметтік төлем алу және сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта білім алу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу барысында сотталған азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.