Референдум бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Референдум бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

№15 мекемесінің жеке құрам арасында референдумға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында референдумның мақсаты мен маңызы, азаматтардың конституциялық құқықтары, сондай-ақ дауыс беру тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

 

Түсіндірме жұмыстарының негізгі мақсаты – жеке құрамның құқықтық сауаттылығын арттыру, референдумға саналы түрде қатысуына ықпал ету және қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді көзқарас қалыптастыру.

 

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.