
Аталған іс-шараның мақсаты – қызметтік тәжірибе алмасу, жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ Ішкі істер органдары ардагерлерінің көпжылдық еңбегін насихаттау.
Кездесу барысында ардагерлер құқық қорғау саласындағы қызмет жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіпті қатаң ұстану, адал әрі жауапты қызмет атқару мәселелеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, конструктивті пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шара қорытындысында ардагерлерге алғыс білдіріліп, мұндай кездесулердің жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға оң ықпал ететіні атап өтілді.