
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесіне Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері келді. Сапардың негізгі мақсаты – мекемеде ұсталатын адамдардың құқықтарының сақталуын бақылау және азаптаудың, қатыгез немесе адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынастың алдын алу.
Тексеру барысында Ұлттық алдын алу тетігі мүшелері мекеменің тұрмыстық жағдайымен, медициналық қызметтің көрсетілуімен танысып, сотталғандармен және мекеме әкімшілігімен сұхбат жүргізді. Сонымен қатар құқықтық және санитарлық талаптардың сақталуына назар аударылды.
Мұндай тексерулер адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және қылмыстық-атқару жүйесіндегі ашықтықты арттыруға бағытталған.