Аталмыш іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының барлық аумағында, атап айтқанда Алматы ауданының да аумағында толықтай атқарылды.
Атап айтатын болсақ, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының пробация қызметі инспекторлары мен Алматы ауданының ПБ №6 учаскелік полиция инспекторлары бірлесе отырып, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша және арнайы базалардан тексерілді. Бірлескен тексеру нәтижесінде, есепте тұрған сотталғандар тарапынан жол берілген құқық бұзушылықтар анықталды. ПҚ есебінде тұрған Г. есімді сотталған тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, жаза өтеуден жалтарғаны анықталды. Қазіргі кезде аталған сотталғанға алғашқы іздестіру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, есептегі барлық сотталғандармен қандай да бір құқық бұзушылық жасамау және оның алдын алу мақсатында профилактикалық сұқбат жүргізілді.