Балаларды қорғау күніне орай ерекше қамқорлық көрсетілді

Балаларды қорғау күніне орай ерекше қамқорлық көрсетілді

Балаларды қорғау күніне орай ерекше қамқорлық көрсетілді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып, мерекелік іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында балаларға сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. Департамент қызметкерлері балалармен бірге ойындарға қатысып, олармен еркін әңгімелесіп, мерекелік атмосфераның қалыптасуына өз үлестерін қосты.

Мерекелік кездесуге Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Рустан Серікұлы Ахметжанов арнайы қатысып, балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде әрбір баланың бақытты балалық шаққа, қамқорлық пен мейірімге лайық екенін атап өтіп, балаларға жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.

Шара соңында орталық тәрбиеленушілері қонақтарға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Мұндай қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.