Пробация есебіндегі тұлғалар арасындағы спорттық шаралар

Пробация есебіндегі тұлғалар арасындағы спорттық шаралар

2026 жылдың 30 мамыры  күні Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Астана қаласының Полиция департаментінің Нашақорлық қылмыстарға қарсы күрес басқармасымен, «Құқық» Қоғамдық қорымен, «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған тұлғалар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырды.


Іс-шараға «Жасыл желкен» Қоғамдық қорының өкілі Гүлзат Қаналханқызы, адвокат Әлібек Секеров, сондай-ақ Наркотық құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша республикалық және қалалық Кеңестің мүшелері: Баян Ахатай, Мырзада Сейтқали, Нұрсұлтан Әлиакпаров және Айрат Жеңіс белсенді қатысты.

Іс-шара «Құқық» Қоғамдық қоры базасында өткізілді.

Жарыстар футбол, шахмат және шашка бойынша өткізілді. Оларды өткізудің негізгі мақсаты - қайталама қылмыстардың алдын алу, есепке алынған тұлғалардың денсаулықты өмір салтын ұстануға деген адалдығын қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, сондай-ақ наркотик және басқа да тәуелділік түрлерінің алдын алу болды.

Футбол турнирінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын — Алматы ауданының пробация қызметі;
2 орын — Сарыарқа ауданының пробация қызметі;
3 орынды Байқоңыр және Нұра аудандарының пробация қызметтері бөлісті.

Ұйымдастырушылар осындай іс-шаралар пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне, тәртіпті нығайтуға, командалық өзара іс-қимылды дамытуға және өмірлік позитивті бағыттарды қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Іс-шараға 60-тан астам адам қатысты.