
Астана қаласында «Адал адам – Әділет сақшысы» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараға Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен қала мектептерінің парламент президенттері қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар құқықтық сауаттылық, адалдық қағидаттары, әділдік пен азаматтық жауапкершілік бағытындағы білімдерін сынға салып, өзара пікір алмасты. Іс-шараның басты мақсаты – жастар мен қызметкерлер арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық қорғау саласына деген құрметті арттыру.
Тартысты әрі қызықты өткен сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды №2 мекеме қызметкерлері, ІІ орынды №64 мекеме қызметкерлері иеленсе, І орынды №3 мекеме қызметкерлері жеңіп алды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.