Департаментте 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік қызметінің қорытындысы жасалды

Департаментте 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік қызметінің қорытындысы жасалды

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының жедел-қызметтік қызметінің қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға басшылық құрамы мен қарасты мекемелердің басшылары қатысты. Кеңес барысында қызметтің негізгі көрсеткіштері қаралып, қол жеткізілген нәтижелер талданып, қосымша назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелер белгіленді.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, жедел-қызметтік қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуы ерекше бақылауға алынды.

Сонымен қатар, кеңес барысында №64 мекеменің үздік қызметкерлері адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Департамент бастығының грамоталарымен марапатталды.