
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты кеш өтті.
Іс-шара барысында Департамент бастығы әділет полковнигі Рустан Серікұлы Ахметжанов сөз сөйлеп, әйелдерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың қызметтегі кәсібилігіне, жауапкершілігіне және қоғамдағы маңызды рөліне ерекше тоқталды. Сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Джамалов Жаңаөмір Кенжебайұлы да құттықтау сөз айтып, әйелдердің қызметтегі және өмірдегі орны айрықша екенін атап өтті.
Мерекелік кеште департаменттің әйел қызметкерлері, олардың аналары, серіктес ұйымдардың өкілдері, қоғамдық қор мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де құрметті қонақ ретінде шақырылып, жылы лебіздер мен ізгі тілектерге бөленді.
Кеш барысында көрермендерге әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды. Әсем әндер шырқалып, көркем шығармашылық нөмірлер орындалып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл салтанатты кеш әйелдерге деген құрмет пен алғыстың белгісіне айналып, барша қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.