
Астана қаласында Есіл өзені бойында Италиядағы «Милан-Кортина-2026» қысқы олимпиадасындағы отандық спортшыларымызды қолдауға арналған қысқы фестиваль өтті. Аталған іс-шара халықаралық аренада еліміздің намысын қорғап жатқан спортшыларға, соның ішінде тарихи сәт – Михаил Шайдоровтың Милан қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атауына орай қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Фестивальдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және спорттық рухты арттыру.
Іс-шара барысында қысқы спорттық эстафеталар мен белсенді ойындар ұйымдастырылды. Астана қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері де белсенді қатысып, ұйымшылдық пен жоғары көңіл күй үлгісін көрсетті.
Мұндай бастамалар қызметкерлер арасында корпоративтік мәдениетті дамытуға, денсаулықты нығайтуға және отансүйгіштік рухты қалыптастыруға ықпал етеді.