
Департаментте жеке құрам қызметкерлері арасында «Жақсы көңіл-күй — жақсы қарым-қатынас» атты топтық тренинг өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — ұжым арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту болды. Тренинг барысында қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен командалық тапсырмалар орындап, сенімділік, ашықтық және бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін нығайтты.
Сонымен қатар, эмоцияларды басқару, күйзелістің алдын алу және позитивті ойлау дағдыларын жетілдіру бағытында пікір алмасу жүргізілді. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара тәжірибе бөлісті.
Аталған іс-шара ұжымдық бірлікті күшейтіп, қызметтік міндеттерді сапалы әрі үйлесімді орындауға оң әсерін тигізді.