
Еңбек мобильділігі орталығында Астана қаласы бойынша ҚАЖД Нұра ауданының пробация қызметінің қызметкерлері Нұра ауданының прокуратурасымен, сондай-ақ Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлерімен бірге Нұра ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарымен кездесу өткізді.
Бұл кездесу жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, жастарды кәсіптік бағдарлауға, жұмыс берушілермен әлеуметтік келісімшарттар жасасуға бағытталған. Мұндай іс — шаралар азаматтарға жұмыс табуға, ал жұмыс берушілерге еңбек заңнамасы және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша консультацияларды қоса алғанда, қызметкерлерді таңдауға көмектеседі.