
№64 мекемесінде сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімі тарапынан шаруашылық жасағы сотталғандары арасында мәдени-тәрбиелік іс-шара — би байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, командалық өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру және арнайы контингенттің мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру болды.
Қатысушылар дайындық барысында жауапкершілік танытып, тәртіптілік пен өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысын көрсетті.
Мұндай іс-шараларды өткізу мекемедегі моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға, әлеуметтік белсенділікті арттыруға және оң мінез-құлық қалыптастыруға ықпал етеді .