Тергеу изоляторындағы тыйым салынған заттарды өткізу әрекетін әшкерелеу

Тергеу изоляторындағы тыйым салынған заттарды өткізу әрекетін әшкерелеу

2026 жылдың 9 ақпанында Астана қаласының тергеу изоляторында тыйым салынған заттарды мекеме аумағына тасымалдау әрекетінің алды алынды.

Сәлемдемені тексеру кезінде Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №64 мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды ішке тасымалдау әрекетінің алды алынды.
Сәлемдемені мекеменің РТҚ арқылы тексеру барысында, сотталған адамға жеткізуге арналған қысқы аяқ киімнің төсенішінің астына жасырылған ұялы телефондар мен SIM-карталар табылып, тәркіленді.

Тыйым салынған заттарды анықтау және алу фактісі бейнебақылау құралдарымен тіркелді.
Осы факт бойынша, тапсырысты жеткізген тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы – қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды ішке тасымалдау әрекеті үшін жауапкершілікке тарту үшін материалдар жинақталуда.

Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті еске салады, ҚАЖ мекемелеріне тыйым салынған заттарды тапсыру және ішке тасымалдау әрекеті заңмен белгіленген жауапкершілікті тудырады.