
2026 жылдың 28 қаңтарынан 3 ақпанға дейін Астана қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз аула» атты бірлескен жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шара аясында Алматин аудандық пробация қызметі Астана қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторларының қатысуымен пробациялық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты жерінде кешенді тексерулер жүргізді. Қылмыскерлермен құқық бұзушылықтардың қайталанбауы, пробациялық бақылау талаптары мен міндеттері туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Пробация қызметі өткізетін кешенді шаралар пробациялық есепте тұрған тұлғалардың құқық бұзушылықтарын уақытында анықтауға және алдын алуға ықпал етеді. «Қауіпсіз аула» іс-шарасы барысында Нұра аудандық пробация қызметі мен учаскелік полиция инспекторлары заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған бірқатар профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды.
Аталған жұмыстар аясында қылмыскерлердің мінез-құлқы, заң талаптарын орындауы, қоғамдық тәртіп нормалары мен этикалық қағидаларға, еңбекке және қоғамға қатынасы бақылауға алынды. Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу пробациялық бақылау талаптарының одан әрі сақталуына оң әсер етті. Қоғамнан оқшауланбаған қылмыскерлер тұрғылықты жерінде тексеріліп, профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2026 жылдың 28 қаңтарында Байқоңыр аудандық пробация қызметі мен аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бірлесіп, есепте тұрған қылмыскерлердің тұрғылықты жерінде профилактикалық рейд өткізді.
Рейдтің негізгі мақсаты — жазаның орындалу тәртібін бақылау, құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізу болды. Рейд барысында қылмыскерлерге қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударылды.
Осылайша, өткізілген «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы пробациялық бақылаудың тиімділігін арттыруға, есепте тұрған тұлғалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ Астана қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін нығайтуға ықпал етті.