АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫМЕН МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН ӨТТІ

АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫМЕН МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН ӨТТІ

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Рустан Серікұлы Ахметжановтың қатысуымен №2, №3 және №64 мекемелерінде қорытынды жиын өткізілді.

Жиынға мекемелердің басшылық құрамы, қызмет бастықтары және жеке құрам қатысты. Кеңес барысында мекеме басшылары өткен кезеңдегі қызметтердің жұмысына жан-жақты талдау жасап, қол жеткізілген нәтижелер мен анықталған мәселелер туралы баяндады.

Іс-шара аясында режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сотталғандар мен тергеумен қамалғандарды ұстау тәртібін сақтау, қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, сондай-ақ жеке құраммен жұмыс сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған нақты міндеттер айқындалып, жедел-қызметтік қызметтің басым бағыттары белгіленді. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тыйым салынған заттардың мекемеге өткізілуіне жол бермеу, бақылау-тексеру іс-шараларын күшейту, сондай-ақ қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру тапсырылды.

Департамент бастығы қойылған міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуы әрбір басшының жеке жауапкершілігінде екенін атап өтіп, атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.