
Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №64 мекемесінде көпжылдық қызметін абыроймен атқарып, зейнетке шыққан қызметкерлерді құрметпен шығарып салу рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында зейнеткерлерге адал еңбегі, кәсіби біліктілігі, Антқа беріктігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді. Басшылық зейнеткерлердің қызметтегі жауапкершілігі мен табандылығы жас мамандарға үлгі екенін атап өтті.
Іс-шара аясында зейнеткерлерге естелік сыйлықтар табысталып, әріптестері жылы лебіздерін білдірді. Бірге өткізген қызмет жылдары мен естеліктер еске алынып, шынайы ризашылық сөздері айтылды.
Шара жылы әрі ықыласқа толы атмосферада өтіп, ҚАЖ саласына өмірін арнаған қызметкерлерге деген құрметтің белгісіне айналды.