№3 мекемеде футболдан турнир өтті

№3 мекемеде футболдан турнир өтті

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінде футболдан турнир өтті

2025 жылғы 26 желтоқсан күні Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінінің қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық рухты нығайту мақсатында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Турнирге мекеме бөлімдері белсенді қатысып, командалық ойын үлгісін көрсетті. Қызу әрі тартысты өткен кездесулер нәтижесінде Режим бөлімі қызметкерлері қарсыластарын басып озып, турнирдің жеңімпазы атанды.

Жүлдегерлерге мекеме басшылығы атынан алғыс хаттар мен үздік ойыншыларға арналған арнайы марапат табысталды.

Мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіріп қана қоймай, физикалық даярлықты арттыруға және ұйымшылдықты нығайтуға септігін тигізеді.