
Психопрофилактикалық жұмыс аясында салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлердің физикалық төзімділігін арттыру мақсатында Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №64 және №3 мекемелерінде дене дайындығы бойынша жаттығу өткізілді. Жаттығуға Қазақстандық спортшы, фитнес-жаттықтырушы және мотиватор - Айтым Жакупов қатысты @aitymzhakupov
Іс-шара барысында қатысушылар күш пен төзімділікті дамытуға бағытталған түрлі жаттығуларды орындады. Айтым Жакупов жоғары деңгейдегі физикалық дайындығын, шыдамдылығын және спорттық шеберлігін көрсетіп, әріптестеріне үлгі бола білді.
Мұндай шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, ұжымды біріктіруге, жауынгерлік рухты арттыруға және тұрақты түрде спортпен шұғылдануға оң мотивация қалыптастыруға ықпал етеді.