
Мемлекет Басшысының сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылғы 12 қарашада Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесі, Аршалы ауданы прокуратурасы және Аршалы ауданы әкімдігі бірлескен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңеске Аршалы ауданының прокуроры Сүлейменова А.Б. мен аудан әкімі Есжанов Д.Б. төрағалық етті.
Кеңес жұмысына:
— Астана қаласы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Ахмедов И.И.;
— сотталғандарды жұмыспен қамту тобының бас маманы, әділет майоры Қалдубаев С.Ж.;
— №2 мекеме бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, әділет майоры Жүнісов Қ.Н.;
— жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Асанова Л.С.;
— «Аманат» партиясының төрайымы Ахимова Л.Г.;
— «Еңбек» РМК филиалының бастығы Шаришев А.Т.;
— «Еңбек» РМК маркетинг басқармасының басшысы Дзевульский Р. қатысты.
Кеңес барысында сотталғандарды жұмыспен қамту, өндірістік сектордың тиімділігін арттыру, жергілікті атқарушы органдар және жеке кәсіпорындармен өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын құру және мекемеде ұсталатын тұлғалардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.